Кейбір үйлер мен аулаларды су басып, халық өз баспанасында тұра алмай қалған.
Жаңаөзен мен Ақшымырауда толассыз жауған жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кейбір үйлер мен аулаларды су басып, халық өз баспанасында тұра алмай қалған.
Әлеуметтік желіде тараған видеода адамдар төсек үстіне шығып, судан қорғанып тұрғаны көрінеді. Бұл жағдай инфрақұрылымның әлсіздігін тағы да ашық көрсетті.
Жергілікті тұрғындар биліктен нақты көмек пен жедел әрекет күтетінін жазып жатыр. Кейбірі тіпті сыртқа көмектескенше, өз халқына назар аудару керек деген пікір білдірген.
Қазір су сору және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқаны айтылғанымен, жағдай толық тұрақталған жоқ. Сарапшылар мұндай апаттардың алдын алу үшін дренаж жүйесін қайта қарау керегін айтады. Әйтпесе әр жауын сайын халық зардап шегуі мүмкін.