$ 490.58  584.77  6.34

Банк тарифтері туралы фейктер: шын мәнінде не болып жатыр

Kaspi-де «шекті тарифтер» де, нақты тарифтер де кемінде2017 жылдан бері өзгермеген және 2026 жылы да бұрынғы деңгейінде сақталып қалады.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Kaspi.kz қызмет көрсетушарттарын өзгертеді, яғни картаның жылдық қызметі 10 мың теңге болады деген жалған ақпарат тарады. Белгіліболғандай, іс жүзінде ешқандай қымбаттаған жоқ, жоспарланбаған да, клиенттер үшін ештеңе өзгермейді. «Банктердің шекті тарифтері» деген не және олардан неге қорқудың қажеті жоқ? Бұл тақырыпты bes.media тілшілерізерттеп шықты.

Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) көпжылдан бері «шекті тарифтер» туралы заңдыққұжаттарды тұрақты түрде жариялап келеді. Бұлқұжаттарда банктер тіпті тегін көрсетілетін қызметтербойынша да ең жоғары мүмкін болатын мөлшерлемелердікөрсетеді.
«Шекті тариф – бұл баға прейскуранты емес, ең жоғарғышек. Банктер базалық ережелерді жиі өзгертпеу үшінондаған жылдарға алдын ала үлкен қор қалдырады. Ісжүзінде нақты комиссиялар, әдетте, көрсетілген еңжоғары мәндерден едәуір төмен болады. Жоғары шектімәндердің жариялануы қызмет құнының өскенінбілдірмейді — бұл заң талаптарын орындау», – деп атап өтеді bes.media.

Кейбір екінші деңгейлі банктерде «шекті тарифтер» заңдытұлғалар үшін 200 млн теңгеге дейін, ал жеке тұлғаларүшін 1 млн теңгеге дейін жетеді.
Мысалы, Банк ЦентрКредит жеке тұлғалардың шотынашу, жүргізу және жабу үшін 10 млн теңге көлемінде«шекті тариф» көрсеткен. ForteBank шот ашуға – 10 мыңтеңге, ай сайын жүргізуге – 20 мың теңге, жабуға – 5 мыңтеңге шекті тариф белгілеген. Freedom Bank алғашқышотты ашу үшін 1 млн теңге көлемінде шекті тариф көрсеткен. Іс жүзінде мұндай тарифтер ешқайсында жоқ, қолданылмайды.

Kaspi-де «шекті тарифтер» де, нақты тарифтер де кемінде2017 жылдан бері өзгермеген және 2026 жылы да бұрынғы деңгейінде сақталып қалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0