$ 490.58  584.77  6.34

Жаңа Конституцияның мәтіні жарияланды

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда республикалық референдум өтетіні туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанның жаңа Конституциясының соңғы мәтіні Aikyn газетінде жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда республикалық референдум өтетіні туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Бюллетеньде бір ғана сұрақ болады: "2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?".

Жаңа Ата заң қабылданған жағдайда парламент өз өкілеттігін 1 шілдеден бастап тоқтатады. 

"Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде президент Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс", - делінген құжатта. 

Бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде президент Құрылтайдың келісімімен вице-президентті тағайындайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0