$ 491.88  585.83  6.36

ҚМДБ 2026 жылғы пітір садақа мөлшерін белгіледі

ҚМДБ мәліметінше, биыл пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекітілді.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Бұл туралы бүгін, 11 ақпанда елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сондай-ақ мүфтият Рамазан айы 2026 жылдың 19 ақпанында басталатынын ресми жариялады.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыздың 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0