Тұрғындардың айтуынша, күннің жылынуына байланысты шатыр сыр беріп, үй ішін су баса бастаған.
Қарағанды қаласындағы “Амадина” тұрғын үй кешенінде көктемгі жылымықпен бірге күрделі мәселе шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың айтуынша, күннің жылынуына байланысты шатыр сыр беріп, үй ішін су баса бастаған. Соның салдарынан подъездерге дейін су ағып, ортақ аумақтар жарамсыз күйге түскен. Бейнежазбадан төбеден сорғалаған су мен еденге жиналған көлшіктер анық көрінеді.
Тұрғындар жаңа баспана аларда жайлылық пен сапаға сенім артқанын айтады. Алайда іс жүзінде олар ескі үйлерге тән мәселелермен - шатырдың ағуы, ылғал мен мүлікке төнген қауіппен бетпе-бет келген. Мұндай жағдайда қала әкімдігі тарапынан құрылыс сапасын бақылау мен қабылдау жұмыстарына қатысты сұрақтың туындауы заңды.
Қазір тұрғындар жауапты мекемелерден нақты шара қабылдауды талап етіп отыр.
Видео: 5news.kz