Тек республиканың шығысында күн жауын-шашынсыз болады.
"Қазгидромет" 2026 жылғы 9 ақпанда Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжам ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, боран, көктайғақ, тұман және жел күшейеді.
Тек республиканың шығысында күн жауын-шашынсыз болады.
Батыста, оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында, Абай облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында, Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында, сондай-ақ Түркістан облысының таулы асуларында күндіз желдің жылдамдығы секундына 30 метр және одан да жоғары болуы мүмкін.