Болжамға сәйкес, антициклон сілемінің ықпалында болатын елдің батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Синоптиктер 2026 жылғы 6 ақпан, жұмаға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК дерегінше:
"Белсенді оңтүстік циклон мен атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жауын-шашын болады, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және оңтүстікте қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, бұрқасын, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады", – деп нақтылады синоптиктер.
Болжамға сәйкес, антициклон сілемінің ықпалында болатын елдің батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.