$ 498.65  589.06  6.49

Нұрай өлімі бойынша айып күшейтілді: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Жәбірленушінің адвокаты Сержан Нұрпейісов айып қатаңдатылғанын жазды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктіге тағылған айыптардың бірі күшейтілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жәбірленушінің адвокаты Сержан Нұрпейісов айып қатаңдатылғанын жазды.

"Іс 5-тармақтың 2-бөлігі "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" бойынша қайта сараланды", – деді адвокат.

Бұл айып бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір қылмыстық істер үш бап бойынша бір уақытта қаралып жатыр:

  • 99-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы – "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру";
  • 125-1-бап – "Некеге мәжбүрлеу";
  • 115-1-бап – "Сталкинг".
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0