Бұл - бір күннің немесе бір айдың емес, жылдар бойы шешілмей келе жатқан жүйелі мәселе.
Өскеменде қаңғыбас иттер мәселесі ушығып тұр: тұрғын үйлердің ауласында, мектеп маңында топтасқан иттер күн сайын көзге түседі. Қаланың Карбышев көшесіндегі 44-үй мен 15-мектептің маңында бұл көрініс қалыпты жағдайға айналған, ата-аналар балаларын қорқып шығарып салатын болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Түн түсе көшеге шыққан адам өзін қауіпсіз сезінбейді, себебі иттер топтасып жүреді, кейде көлікке де, жаяуға да жақындайды. Бұл - бір күннің немесе бір айдың емес, жылдар бойы шешілмей келе жатқан жүйелі мәселе. Әкімдік жауапкершілікті бірінен-бірі сырғытып, нақты шешім қабылдамағандықтан, қала тұрғындары қауіппен өмір сүріп отыр. Қаңғыбас иттер мәселесін адамгершілік пен қауіпсіздікті қатар сақтай отырып шешетін уақыт әлдеқашан келді.