Ем-шара кезінде зейнеткер кенет кеуде тұсының қатты ауырсынғанын сезген.
72 жастағы Галина Шығыс Қазақстан облысындағы Выдриха ауылында орналасқан “Уба” шипажайында инемен емдеуге келіскен. Дәрігер абайсызда науқастың өкпесін тесіп жіберген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ем-шара кезінде зейнеткер кенет кеуде тұсының қатты ауырсынғанын сезген. Алайда дәрігер оған нақты түсініктеме бере алмай, үйіне қайтарып жіберген. Келесі күні оның жағдайы нашарлаған. Шипажай қызметкерлері Галинаның жүрегінде ақау болуы мүмкін деп қауіптеніп, жедел жәрдем шақырған.
Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері нақты диагноз қоя алмай, облыстық ауруханаға жүгінуге кеңес берген. Алайда шипажай қызметкерлері оларға әйелге инемен емдеу ем-шарасы жасалғанын айтпаған.
Үйіне келген соң Галина қайтадан жедел жәрдем шақырған. Бұл жолы ол дәрігерлерге инемен емдеу кезінде ауырсыну сезінгенін айтты. Әйелге рентген жасалған соң өкпесінің тесілгені және пневмоторакс басталғаны анықталды.
Галинаны ауруханаға жатқызылып, өкпесінен 1,5 литр ауа шығарылды. Операциядан кейін ол дәрігердің үстінен полицияға арыз түсірген.