$ 517.66  606.49  6.44

Алматыда жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шамамен 270 шақырым қашықтықта орналасқан.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

22 желтоқсанда Астана уақытымен 02:16-да Қытайдың Шыңжаң өлкесі Ақши ауданында магнитудасы 5 балл жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматы қаласында 2 балл шамасында сезілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шамамен 270 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ақши ауданы Тянь-Шань тау жүйесіндегі сейсмикалық белсенді аймақ саналады.

Бұған дейін осы өңірде 4 желтоқсанда да магнитудасы 5,8–6 балл жер сілкінісі болып, Алматыда 2–3 балл деңгейінде сезілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары