Негізгі өсім өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында байқалады.
2025 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан экономикасының өсуі 6,4% құраған. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Негізгі драйверлер өсімі - өнеркәсіп саласы 7,3%-дан 7,4%-ға дейін жеделдеген және 6,1%-ға ілгерілеген ауыл шаруашылығы болды.
Министрдік айтуынша, тұрақты дамуды нақты экономиканың басқа секторлары да көрсетіп отыр. Атап айтқанда:
көлік саласы 20,3%-ға;
құрылыс 14,7%-ға өсті;
сауда 8,8%-ға артты.
"Экономика сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты даму жолына түсті. Біз базалық салаларда жеделдеу барын көріп отырмыз, бұл әлеуметтік міндеттемелерді орындау және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін берік негіз қалайды", — деді Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Көш басында машина жасау өнеркәсібі – 5,9%-ға өскен. Онда өндіріс көлемі 11,6%-ға артқан. Азық – түлік өндірісі 8,7%-ға, химия өнеркәсібі 8,1%-ға, ал мұнай өңдеу 6,5%-ға өскен.
"Бұл салалардағы инвестициялар мен өндірістің өсуі ауқымды мемлекеттік қолдаумен тікелей байланысты. Тек "Бәйтерек" холдингі тарапының өзінен осы кезеңде басым бағыттарды қаржыландыру көлемі 8 трлн теңгеден асты", — деп атап өтті Серік Жұманғарин.