Шаһарда 500 мыңнан астам тұрғын тұрады
Қарағандыдағы №10 кәріз коллекторының әбден тозуы жағдайды ушықтырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қаладағы кәріз қалдықтарының 90 пайызы дәл осы жүйемен өтеді, ал шаһарда 500 мыңнан астам тұрғын тұрады. Инженерлік желіні жаңарту жауапкершілігін «Қарағанды су» компаниясы алғанымен, жоспарланған жаңа арна саяжай аумақтарының үстінен өтетін болып шықты. Осыған байланысты жер иелері жобаның бағытына ашық қарсылық білдіріп жатыр. Бір тарап – апатты жағдайдың алдын алып, қаланың қауіпсіздігін күшейтуді талап етсе, екінші тарап – жеке меншігі мен жылдар бойғы еңбегін қорғауды алға тартады.