$ 526.02  607.55  6.5

«Асырап алған балаларына өлген иттің етін жегізді»: Шымкентте емші Смановқа сот үкімі шықты

Соттың шешімімен айыпталушы мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Фото: Ұлысмедиа
Фото: Ұлысмедиа

Шымкентте алты баланы асырап алып, оларға қорлық көрсетті деп айыпталған «емшіге» қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкентте алты баланы асырап алып, оларды қорлады және ата-ана міндетін орындамады деп айыпталған емші Ұлықбек Смановқа қатысты іс аяқталды.

Соттың шешімімен айыпталушы мәжбүрлі емдеуге жіберілді, себебі ол созылмалы психикалық ауруға шалдыққан деп танылды.

Сонымен қатар оның жұбайына қатысты қылмыстық іс те тоқтатылды. Полиция мәліметінше, оның әрекеттерінен қылмыстық құрам табылмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары