$ 526.02  607.55  6.5

Алматы мен Алатау қалалары арасында әуе таксиі іске қосылады

Министрлік Үкіметке әуе ұшулары саласын жан-жақты реттейтін заңнамалық база әзірлеуді ұсынды.

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com

Алматы маңында салынып жатқан жаңа қала Алатауда әуе таксиі қызметі іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстан америкалық Joby Aero компаниясынан жалпы құны 300 миллион доллар болатын электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алады. Тиісті өзара түсіністік туралы меморандумға министрлік, компания және Алатау қаласының инвесторы қол қойды.

Тік ұшып-қонатын инновациялық әуе құрылғылары Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильдігі жобасының негізі болады. Сертификаттау мен демонстрациялық ұшуларға арналған сынақ алаңы құрылып, аэротакси Алатау мен Алматының көлік желісіне біріктіріледі, – деді ведомствода.

Министрлік Үкіметке әуе ұшулары саласын жан-жақты реттейтін заңнамалық база әзірлеуді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары