$ 530.47  613.75  6.56

Атырау облысында әйел мүгедек зейнеткерге сірке суын шашып, алтындарын ұрлап кеткен

Қылмыс жасады деген күдікпен 55 жастағы әйел анықталып, ұсталды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Атырау облысының Қосшағыл ауылында белгісіз әйел II топтағы мүгедек зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, оның бетіне сірке суын шашып жіберген, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Содан кейін алтын әшекей бұйымдарын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. 

Қылмыс жасады деген күдікпен 55 жастағы әйел анықталып, ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды, өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.

Оқиға бойынша күш қолдану арқылы тонау фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары