$ 530.07  615.2  6.58

Тоқаев француз студентінің қазақша сөйлегеніне тәнті болды (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы елімізде білім алып жатқан шетелдік студенттермен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгінде Қазақстанда 31 мыңнан аса шетел студенті оқиды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент 2029 жылға қарай аталған межені 100 мыңға дейін жеткізу міндетін жүктеп отыр. 
Мемлекет басшысымен кездесуде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқитын француз студенті Адриан Давус қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты. 

– Мен қазақша үйреніп жүрмін. Әрине, шетелдік студент болу оңай емес. Тілдің айырмашылығы, оқу жүйесі, мәтіні бәрі қиын болды. Бірақ мен Қазақстанда оқығаныма қуаныштымын. Менің білім жолым басқа студенттерге де шабыт алуға жол ашса деп үміттенемін, – деді ол қуанышын жасырмай. 

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оның ана тілімізді үйренуге деген ықыласына ризашылығын білдірді. 

«Қазақшаң жақсы. Өте жақсы сөйлеуіңе тілектеспін! Саған алғыс айтамын!» деді ол. 

Адриан Давус та Мемлекет басшысына жастарға қолдау білдіріп жүргені үшін алғысын жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары