$ 530.07  615.2  6.58

Көлге айналды: Орал халқы тағы да суға батқан көшелерге наразы

Тұрғындар жыл сайын қайталанатын бұл жағдайға әбден зығырданы қайнағанын жасырмайды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Оралда бүгін түстен кейін жауған нөсерден кейін қала көшелері қайтадан су астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желілерде тұрғындар түсірген видеолар қардай борап, «Орал тағы да жүзе бастады» деген ирониялық жазбалар көптеп тарады. Көліктер суға батып, жаяулар балшық пен лай кешіп өтті. Тұрғындар жыл сайын қайталанатын бұл жағдайға әбден зығырданы қайнағанын жасырмайды.

«Әкімдік тек камера алдында сөйлейді, ал іс жүзінде нәтиже жоқ. Бір жаңбыр жауса, қала өмірі тоқтайды», — дейді тұрғындардың бірі.

Коммуналдық қызмет өкілдері кешкісін ғана шығып, су сору жұмыстарын бастаған. Бірақ халықтың айтуынша, көп аумаққа техника жетпеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары