$ 547.57  642.63  6.68

Петропавлда мас еркек автобуста 12 жастағы оқушыны ұрып кетті (ВИДЕО)

Қоғамдық көлікке мінген екі ер адам мас күйде басқа жолаушылардың мазасын алған. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Петропавлда №2 бағытындағы қалалық автобуста мас адам оқушы қызға қол көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қоғамдық көлікке мінген екі ер адам мас күйде басқа жолаушылардың мазасын алған. 

Шығатын есіктің жанында отырған екі мектеп оқушысының бірі ер адамдарға ескерту жасаған. Біраз сөз таластырған соң ер адамдар автобустан түспек болғанда олардың бірі оқушы қыздың бетіне қолымен ұрып жіберген.

Жолаушылардың бірі олардың балағат сөз айтып, қызға қол көтергеніне ашуланып, полиция шақыратынын айтты. 

Ал автобус жүргізушісі дереу автобустың есіктерін жауып, екеуінің шығуына мүмкіндік бермеген. Жолаушылар жедел жәрдем мен полиция шақырды.

“Ұрып-соқы деген күдікті ер адам дереу анықталып, ұсталып, полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.

Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары