$ 547.57  642.63  6.68

Алматы облысында әскери қызметшісі қайтыс болды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Алматы облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

— 2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгер қайтыс болды. Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия, — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

— Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары