$ 541.18  636.05  6.52

Сталкинг үшін жаза күшейтілді: Қазақстанда жаңа заң күшіне енді

Бұл – шамамен 612 мың теңге.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бүгін, 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда сталкингке қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Енді азаматтардың жеке шекарасын бұзып, оларды еркінен тыс қудалағандарға заң бойынша жаза қолданылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа нормаға сәйкес, сталкинг жасаған адамға 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл – шамамен 612 мың теңге. Бұдан бөлек, 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстары тағайындалады. Ең қатаң шара ретінде 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Сталкинг дегеніміз не?

Бұл – адамның еркінен тыс артынан аңду, қудалау, мазасын алу және жеке кеңістігіне заңсыз араласу. Бұған дейін мұндай әрекеттер көбіне ұсақ құқықбұзушылық ретінде қаралып келген. Соның салдарынан жәбірленушілердің құқығы толық қорғалмайтын. Феминистік бастамаларды қолдайтын «Фембике» ұйымының жетекшісі Айгерім Құсайынқызы бұл заңның қабылдануын қоғам үшін маңызды қадам деп бағалады:

“Сталкинг – жай ғана әзіл немесе зиянсыз әрекет емес. Ол адамның психологиялық денсаулығына, өмір сапасына тікелей әсер етеді. Бұған дейін жәбірленушілердің шағымы ескерусіз қалып, қудалаушылар жазасыз құтылып жүрді. Енді жаңа заң оларға нақты тосқауыл қойып, азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға мүмкіндік береді”, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс тек қана салдарға емес, қауіпті әрекеттің өзіне тосқауыл қоюды көздейді. Яғни азаматтардың жеке шекарасына қол сұғу енді ескерусіз қалмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары