Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Павлодардағы сұлулық салондарының бірінде екі әйелдің арасындағы жанжал бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында Павлодарда соңғы бірнеше күн бойы екі әйел арасындағы төбелес қызу талқыланып жатқанын жазды. Айтуынша, «екі әйел де кезінде бір ер адаммен қарым-қатынаста болған» делінеді.
«Сірә, сол себепті олардың арасында жеке келіспеушілік туындаған. Сол күні олар сұлулық салонында кездесіп, алдымен сөзге келіп, артынша біреуі екіншісін соққыға жыққан», – делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.
Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жанжалға байланысты дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қақтығысқа қатысқан әйелдер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп мәлімдеді департамент.