Қазір ерлі-зайыптылар "аса ірі көлемде алаяқтық жасау" және "қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" баптары бойынша айыпталып отыр.
4 жыл ішінде 350 мыңнан астам адамнан жалпы сомасы 1,3 миллиард теңге жиналған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Козачковтың Telegram арнасына сілтеме жасап.
Telegram арнаның ақпаратына сүйенсек, осыдан 6 жыл бұрын ерлі-зайыпты сәбилі болған. Өсе келе олар нәрестенің дамуы қалыс қалып жатқанын байқап, дәрігерлерге көрсете бастаған.
– Ерлі-зайыпты Тотақановтардың ұлы Әлтайырға ауыр диагноз қойылған. Олар оның еміне ақша жинау үшін Instagram арқылы халықтан көмек сұраған. Баланың ем-домын іздестіріп жүргенде Түркияда оған отаны 50 миллион теңгеге жасап беретіндер табылды. Әуелден ерлі-зайыпты әлеуметтік желіден сонша қаржы жинамақ болған. Алайда олар жарнамаға қаржы құйып, бірнеше жыл бойы қарқынды түрде қаражат жинауды жалғастырған.
Нәтижесінде, төрт жыл ішінде 350 мыңнан астам адамнан жалпы сомасы 1,3 миллиард теңге жиналған. Ал оның 300-400 миллион теңгені жарнамаға төлеген. Ал қалған қаржыға ерлі-зайыпты жылжымайтын мүлік, көлік сатып алып, шетелге саяхаттап, құмар ойын ойнаған, – деп жазылған хабарламада.
Қазір ерлі-зайыптылар "аса ірі көлемде алаяқтық жасау" және "қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" баптары бойынша айыпталып отыр.