$ 521.57  601.01  6.65

Басы дауға қалған Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті

Көкшетау әкімдігі Айым Тұрапекованың өз еркімен жұмыстан кеткенін растады. 

Фото: Іnstagram.com/aiym_turapekova
Фото: Іnstagram.com/aiym_turapekova

Көкшетау қаласы әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Айым Тұрапекова қызметке келгеніне бір толмастан жұмыстан кету туралы өтініш жазды, деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы.

Көкшетау әкімдігі Айым Тұрапекованың өз еркімен жұмыстан кеткенін растады. Осылайша Көкшетау қаласы әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшінің орны қайта босады. 

Айта кетейік, 26 жастағы Айым Тұрапекова маусым айының басында Көкшетау әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Жаңа кеңесшінің өмірбаяны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. 

Айым Тұрапекованың 2015 жылы, яғни небәрі 16 жасында премьер-министр кеңсесінде тәжірибеден өткенді желі қолданушыларынң назарын аударды. Кейін бұл мәліметке өзгерістер енгізілді. Алдымен 2019 жыл деп түзетілді, артынан мүлде алынып тасталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары