$ 519.55  596.03  6.63

Аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ: Бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Алматыда қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, жел күшейеді.

Фото: pexels
Фото: pexels

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты аптап ыстық болады, бұршақ жауып, жел соғады, найзағай ойнайды, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, жел күшейеді.

Семейде, Жетісу, Абай облыстарында күн күркіреп, бұршақ жауады деп болжанып отыр, жел күшейіп, 35-38 градусқа дейін ыстық болады, өрт қаупі жоғары.

Көкшетау, Қызылорда қалаларында, Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады, жел күшейеді және өрт қаупі өте жоғары болады.

Талдықорған, Қарағанды, Қостанай, Қонаев қалаларында, Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел соғады, өрт қаупі жоғары.

Жезқазғанда, Қарағанды, Алматы, Ұлытау, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, жел соғады және өрт қаупі жоғары болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары