$ 519.55  596.03  6.63

Павлодар облысында дауылдан әйел адам қаза тапты

Павлодар облысында болған қатты дауыл адамның өліміне себеп болды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Табиғат тосын мінезін күннің екінші жартысында көрсетті. Қатты жел шамамен бір сағат бойы соғып, ағаштарды тамырымен қопарып, электр сымдарын үзіп, бірқатар көлік құралдарына зақым келтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауа райының күрт өзгерісі тұрғындарды түрлі жерлерде — жолда, аулада, жағажайда — қапыда қалдырды. Ақсу қаласында жеңіл көлік ішінде отырған әйелге сынған ағаш бұтағы түскен. Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, шақырту сағат 17:29-да тіркелген. 1968 жылы туған әйелдің кеуде тұсына бұтақ қадалып, оқиға орнында көз жұмған.

Куәгерлер түсірген бейнежазбаларда тұрғындардың жарақат алған әйелге алғашқы көмек көрсеткені байқалады. Тағы бір видеода қатты желдің салдарынан құлаған ағаштың көлікке соғылған сәті көрінеді.

Төтенше жағдайлар департаменті жел екпіні кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жеткенін хабарлады. Қазір өңірде келген залал көлемі анықталып жатыр.

Мамандар тұрғындарды ауа райы болжамдарын ескеріп, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары