$ 510.19  582.79  6.46

«Левый» ақша емес пе еді?»: Нұрлан имам құрбандық дұғасын оқып жатқанда қой қашып кетті (ВИДЕО)

Оның айтуынша құрбандық малы көз алдында қашып кеткен.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Елге Нұрлан имам деген атпен танылған Нұрлан Байжігітұлы, Құрбан айт кезінде орын алған қызықты жағдайды еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға құрбандық шалу кезінде болған. Нұрлан имам дұға оқып жатқанда, қасындағы адам оны екі рет түртіп: «Қой қашып кетті!» деп ескертеді.

«Көзімді ашсам, қой расымен де қаша жөнелген. Қолда бар адамның бәрі жабылып, қойды қуып жүрдік. Бір семіз қой екен, ешкімге ұстатпай қойды», – дейді ол күліп.

Имам бұл жағдайдан кейін иесіне тікелей сұрақ қойғанын да жасырмайды:

«Бастықтың көңілін табайық деп бәріміз жүгіріп кеттік. Бір сәт басымды қатерге тіксем де: “Бұл малды айлығыңызға алдыңыз ба, "левый" ақша ма еді?” деп сұрадым. Ол болса “жоқ, айлығымнан алдым” деп жауап берді», – деп еске алады Нұрлан Байжігітұлы.

Сондай-ақ, ол бұл мәселенің дін кітаптарында да қарастырылғанын атап өтті.

«Егер құрбандық малы қашып кетсе немесе өліп қалса, бай адам міндетті түрде орнына басқа мал шалуы керек. Ал егер жағдайы төмен, бар ақшасына бір-ақ мал алған болса, онда ол құрбан шалған болып есептеледі», – деп түсіндірді Нұрлан имам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұрлан имам