Әбіләқім ата мен Рая апа — 92 мен 90 жаста.
Депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында 90 жастан асқан ерлі-зайыптының видеосымен бөлісті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әбіләқім ата мен Рая апа — 92 мен 90 жаста.
"Осындай жұптарға қарап, шынайы махаббат пен құрметтің күші бар екеніне тағы бір рет көзің жетеді.
«Біз ұрысқанда торнадо емес, дала дауылы тұрады» деп қалжыңдап қояды. Бірақ ол дауыл да аялы махаббаттың ішіндегі бір сәт қана ғой.
Ұрысса да, татуласа да бір-бірінің қасынан кетпеген, бірге қартайған жандардан артық үлгі бар ма?", - деп жазды Мұқаев.