$ 512.32  582.92  6.29

Шымкентте кәріз шұңқырына құлап кеткен 6 жасар баланың өлімінен кейін аудан әкімі қызметінен кетті

Қазіргі қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қызметіне кіріспей тұрып болған.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Шымкентте кәріз суына құлап қаза тапқан 6 жасар бала өлімінен кейін бітқатар шенеунік қызметінен кетіп, сөгіс алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің мәліметінше, мәселе қазіргі қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қызметіне кіріспей тұрып болған. Осылайша бір жыл бойы беті ашық жатқан шұңқырды енді бір айда қалпына келтірмек.

"Аудан әкімін қызметтен босаттық. Ол үш жылдан бері Қаратау ауданын басқарып келген Рақымберді Мүлкеманов. Басқарма басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Қуаныш Асыловқа да сөгіс жарияланды", – дейді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әкім #Шымкент