$ 512.34  582.07  6.31

Алматыда автобус тротуарға шығып кетіп жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (ВИДЕО)

Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматыда Райымбек пен Емцов көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, КамАЗ көлігі "ВАЗ" маркалы автобусты сүйретіп келе жатқан. Кенеттен ілмек үзіліп, автобус жолдан шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылып, өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Ол 35 жастағы ер адам болып шықты. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

"Автобус батыс тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні, 1990 жылы туған ер адамды қағып кетті. Өкінішке қарай, соқтығыс салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды", – делінген хабарламада. 

Қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары