Өнер иелері шығармаларын әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялаған.
Танымал әншілер Ғазизхан Шекербеков пен Кәмшат Жолдыбаева жаңа әндерін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иелері шығармаларын әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялаған.
Алайда олардың жаңа туындысына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп, жарияланған видеолар сынға ұшырады.
Көпшілік әннің орындалуы мен бейнежазбадағы өнер иелерінің әрекеттеріне көңілі толмағанын жасырмады.
«Кәмшат не істеп тұр? Мыналар қоймады ғой», «Екеуі екі бөлек», «Неге күрсініп жүрсіздер?», «Бәрі ыңылдай беретін әндер болды ғой», «Ғазизхан ұйықтап қалды ма?», «Сәтсіз шыққан», «Бара-бара ән тыңдаудан қаламыз», «Жігітке қарап жүйкем ауырды», «Ерсі көрінеді», «Ақшалары көп, не істерлерін білмей кетті ме?», «Не тыңдайтынымызды, кімге қарап өмір сүретінімізді, киімнен кімнен үлгі алатынымызды білмей қалдық қой. Бізден он жас үлкен ерлер мен әйелдер төсектің әнінен шыға алмай жатыр», «Ыңырсып, ыңқылдап... Ғазизхан, вообще қоя салшы, керек емес. Келешек ұрпақты улап жатырсыңдар» деп жазды желі қолданушылары.