Бұл туралы актер журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.
Танымал актер Жанболат Найзабеков жұбайымен қарым-қатынасы туралы айтып, жарын мақтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы актер журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.
«Мен зор күйеумін. Мен романтикпін. Себепсіз гүл сыйлағанды жақсы көремін. Өйткені әйелімнің гүлге қарайтыны ұнайды. Ой, қайшысын алып, артық жерін кесіп, баптайды. Гүлді керемет күтеді. Маған сол эмоциясы ұнайды. Мәз болып қалады.
Үйде бес бала бар, стресс болады. Бір букетпен кіріп барасың, бәрі басқаша ғой. Мен келіншегімді қуантқанды жақсы көремін. Үйімнің берекесі, балаларымның анасы, ата-анамның келіні. Шүкір, осындай жарды берген. Ата-енем де өте керемет жандар. Атам – жыршы, термеші. Келіншегім де құр адам емес, актерлікті бітірген», – деді актер Жанболат Найзабеков.
Актердің бұл сөздері желі қолданушыларының көңілінен шығып, көпшілік оған отбасылық бақыт пен баянды ғұмыр тіледі.