09.11.2026, 16:00

«Қазақ өнерінің тойы»: Нұрғали Нүсіпжановтың жары Мейрамбекке шапан жапты (ВИДЕО)

Фото: Видео скриншот

Ол бұл сыйлығы арқылы әншіге Нұрғали Нүсіпжановтың өнердегі жолы мен жетістігін тілейтінін жеткізді. 

Нұрғали Нүсіпжановтың жас жары Жадыра әнші Мейрамбек Беспаевтың иығына шапан жапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жадыра өмірлік серігі Нұрғали Нүсіпжановтың сахнада киген шапанын Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына арнайы тарту етті.

Ол бұл сыйлығы арқылы әншіге Нұрғали Нүсіпжановтың өнердегі жолы мен жетістігін тілейтінін жеткізді.

«Бүгін қазақ өнерінің тойы. Аллаға мың да бір шүкір. Әнші Әміре бабаларымыздың әуенін жалғап келе жатқан менің Мейрамбек ағатайымдай қазақтың ұлдары бар жерде қазақтың ән өнері мәңгіге өлмейді. Еңбектеріңіз жана берсін. Мына шапан Нұрағаның сахнаға киген шапаны. Кеудеңізде алтын жұлдыз жарқырасын деген ырыммен, Нұрағаның өнердегі жемісті, жеңісті жолы бұйырсын деген ниетпен осы шапанды жабуға рұқсат етіңіз. Ендігі той Мейрамбек ағамыздың "Халық әртісі" атанған күнінде жалғасын тапсын», – деді Жадыра.

Бұл ерекше сыйлық желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілік түрлі пікір қалдырды.