Кадрларда композитор марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу тойда сыйлық ұтып алған сәті де көрінеді.
Мейрамбек Беспаевтың жары Махаббат Беспаева әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрларда композитор марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу тойда сыйлық ұтып алған сәті де көрінеді.
Махаббат Беспаева осы қуанышты кеште марқұм досын ерекше сағынышпен еске алғанын жазды.
«Кей адамдардың орны ешқашан толмайды… Уақыт өтсе де, сағыныш сейілмейді екен.
Кеше болған қуанышты сәтте Арман Дүйсеновты тағы да ерекше сағынышпен еске алдық. Осындай күндерде "шіркін, қасымызда болғанда ғой…" деген ой жүректі сыздатады.
Бірге өткізген күндер, шынайы достық пен жарқын естеліктер ешқашан ұмытылмайды.
Айсұлудың бүгінгі қуанышына біз шын жүректен қуандық!
Сағынышпен еске аламыз. Жаныңыз жәннатта болсын!» – деп жазды әншінің жары.
Желі қолданушылары да жазбаға пікір қалдырып, марқұм композиторды сағынышпен еске алды.