$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

«Ән шырқау құрметі бұйырды»: Мәдина Сәдуақасова Бейжің төрінде өнер көрсетті (ВИДЕО)

Өнер иесі шетелдегі сапарынан үзінді жариялап, сахнада қазақтың танымал туындысын шырқағанын оқырмандарына жеткізді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова Қытай астанасы Бейжіңде өткен шарада Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі “Куә бол” әнін орындады, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі шетелдегі сапарынан үзінді жариялап, сахнада қазақтың танымал туындысын шырқағанын оқырмандарына жеткізді.

“Қытай. Пекин. Сахнада Мадикош. Нұрғиса Тілендиевтің “Куә бол” әнін шырқау құрметі бұйырды. Нұрғиса атамыздың тағы қай әндері ұнайды? Жаза кетіңіздер”, – деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Мәдина Сәдуақасованың жанды дауыста, оркестр сүйемелдеуімен орындаған әні желі қолданушыларының да көңілінен шыққан. Көпшілік оның дауыс мәнері мен әнді өзінше жеткізе білгенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0