$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

«Оның үйінен қашып кеттім»: 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы шындықты айтты (ВИДЕО)

Сымбат 18 жасында ана атанғанын да жеткізді. 

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Әнші Абай Бегейдің ерте тұрмысқа шыққан қызы Сымбат отбасын құруы қалай болғанын айтып, жеке өміріне қатысты көпшілікке белгісіз жайттарды бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сымбаттың сөзінше, ол тұрмысқа шығуды жоспарламаған. Алайда болашақ жары екеуі сөйлесіп жүрген кезде оны келісімінсіз алып қашқан.

«Мен 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызымын. Күйеуге шығамын деп мүлде ойламадым. Күйеуімді қазір көпшілік жақтырмауы мүмкін. Бірақ шындықты айтайын. Екеуміз сөйлесіп жүрген кезде ол мені алып қашып кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде айтқан жоқпын.

Мені алып кеткеннен кейін оның үйінен қашып кеттім. Кейін олар әкеме келіп, рұқсатын алды. Қазір бұған еш өкінбеймін. Күйеуім екеуміз бірге түрлі қызықты сәттерді бастан өткеріп жүрміз», – деді Сымбат.

Ол қазіргі отбасында өзіне қысым жасалмайтынын және еркіндігіне шектеу қойылмағанын атап өтті. Сондай-ақ қайын атасы мен енесінің қарым-қатынасы жақсы екенін айтты.

Сымбат 18 жасында ана атанғанын да жеткізді. Оның айтуынша, жас отбасын құрғанымен, үйде қамалып отырған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0