$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

«Төрт баладан кейін етек-жеңін жинады»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы айтты (ВИДЕО)

Продюсердің айтуынша, Жұлдыздың өнердегі жолын қалыптастыру үшін біраз уақыт пен еңбек қажет болған. 

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың өнердегі жолына қалай қолдау көрсеткенін айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Продюсердің айтуынша, Жұлдыздың өнердегі жолын қалыптастыру үшін біраз уақыт пен еңбек қажет болған. Ол келінінің актрисалық білімі бар екенін ескеріп, осы бағытта дамуына мүмкіндік бергенін жеткізді.

"Менде Жұлдыздың жұлдызын жандырып бір-ақ шығарсам деген арман болды. Ол бірінің артынан бірін босанды ғой. Бес бала-шағасы бар. Төрт баладан кейін етек-жеңін жинады ғой дедім. Оған дейін мен Қайраттан қолым босамады ғой. Біреудің қызы ғой деп папасының туған күніне барған кезде уәде бердім. Бұйырса Жұлдыздың жұлдызын жағып шығарамын дедім. Қайратпен екеуіне дуэт жазып, бүкіл Қазақстанды аралаттым. Тойларға екеуіне дуэт жаздырдым. Одан өзімнің балам сияқты атақты болып кеткен жоқ. Сөйттім де жолдарын ойладым. 1 жыл жүгірдім. оңай болған жоқ. Өзінің оқыған оқуы актрисалық болған соң актриса бола берсін деген шешімге келдім. Содан киномды түсіріп, ол Нью-Йоркта гран-приге ие болды", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0