$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

«Айдың-күннің аманында аза тұтып отырмыз»: Роза Әлқожа Ақтаудағы трагедияға пікір білдірді

Өнер иесі желідегі парақшасында жазба жариялаған. 

Фото: roza.alkozha/instagram
Фото: roza.alkozha/instagram

Роза Әлқожа Маңғыстаудағы қайғылы жағдайға пікір білдірді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі желідегі парақшасында жазба жариялаған. 

Өз ойым

Кешеден бері қарт Каспий жұтқан жеткіншектер жайлы ойдан арыла алмай қалдық. Ажал шығар дейміз ғой, бірақ, өрімдей ұлдардың өліміне себеп болар ауа-райын неге жіті қадағаламаған?!.

Неге керек бұл жаттығу?!

Айналайын, осы соғысқа дайындық деген не ниет өзі?

Атом бомбасы шыққан дамыған заманда біз қолдан адам өлтіріп не істеп жүрміз?

Мәжбүрлі түрде әскерге алып кетіп, азаптап, кейбірін денсаулығынан айырып неге ұлттың болашағымен ойнап жүрміз???

Мен кейде аяқ астынан барып біздің жас өрендер жатқан сол казармаларды аралап шыққым келеді. Шын жағдайы жақсы ма? Айдалада жаннан безген жан ғана жүреді. Оларды басқарғандардың психикасы қалай екен деген ой тұрады. Әрине, мұның бәрі күдік, күмән. Ел ішіндегі жағдайдан туған алаң ғана шығар деп үміттіміз. Бірақ, әскерге ұлымызды жіберуге қорқамыз расы!

Мәпелеп бағып, бетіне қарамай үп-сүп деп отырғанда әлдебіреудің әдеттегі соққысын неге көтеруі керек? Ол және неге адамдық моральдан тыс болуы керек?!.

Кешегі қаза күллі әскер проблемасын қайта қотарды. Сырттан жауып қоя салу оңай шығар, олардың еңбегін мансұқтау ойымызда жоқ, бірақ әр басшыға жанашырлық керек-ақ!

Бұрын “әскер көрмегенсің” деп үлкендер кекетуші еді. Қазір ол сәнде емес. Елдің бәрі батыр болуға міндетті емес! Ол жүрегі нәзік қылқалам шебері шығар?! Ол жүрегі жұмсақ ақын шығар?!

Қытайға барғанда сөмкесін иығына іліп майысқан өте кішкентай ұлдар көрдім. Қыздармен бірге иіліп, именіп тұр. Әртүрлі ойландым. Негізі жігіттің түр-тұрпаты деген кімге керек? Адамның жан дүниесі бағаланбаушы ма еді?

Мысалы ұлымызды боксқа, каратэге, тағы басқа спортқа бердік. Оған мықты бол деп талап еттік. Жеңілсе, неге жеңілдің деп біз қоса ұрдық. Содан не болды? Ол тиіскенд аямайтын, ызақор, айналасынан батылдықты талап ететін тентек болып өсті. Осы кімге керек? Ол сонша күшін қайда жұмсайды енді?

Алла сақтасын, алда-жалда соғыс болғалы жатқан жоқ қой! Соғыс болса да қазір әлем бір-ақ нүктеге тәуелді. Жаңағы шетел азаматтары күш қолданбай, басы істеген соң біраз жерде соғыссыз бағындырып жатыр. Қазақ айтқан “білекті бірді , білімді мыңды жығады” деген сол!

Енді отырмыз, айдың-күннің аманында аза тұтып!...", - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0