$ 448.44  514.81  5.33

«Қайтар жүрегімді»: Балжан Бидаш KeshYou-дің 20 жылдығынан кейін сырын айтты (ФОТО)

Оқырмандар өнер иесіне ақ тілектерін айтып, шығармашылық жолында сәттілік тілеген. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші, KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Балжан Бидаш топтың 20 жылдық мерейтойлық концертінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында көрермендердің өзіне деген ықыласы мен қолдауы ерекше әсер еткенін жазды.

«Мені көрген сәттегі реакцияларыңыз... Бұлай күтеді деп шынымен ойламадым. Залдың дауысы, эмоцияларыңыз, қолдауларыңыз мықты сезілді. Сол кезде қаншалықты сағынғанымды, сіздердің де мені сағынғандарыңызды түсіндім. Осындай риясыз махаббат үшін рақмет! Мен сіздерді жақсы көрем.

Қайтар жүрегімді, KeshYou», – деп жазды әнші.

Балжан Бидаштың жазбасы желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды. Оқырмандар өнер иесіне ақ тілектерін айтып, шығармашылық жолында сәттілік тілеген. Сондай-ақ әншінің алдағы уақытта да үлкен сахналарды бағындыра беруін қалаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0