“Қалаулым” жобасын жүргізу арқылы танылған Диана Скатова үйлену тойын 30 тамыз күні өткізбекші. Той онлайн трансляцияда көрсетілмек. Онлайн көру бағасы 990 теңге тұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдымен көрермен Telegram-бот арқылы төлем жасап, түбіртегін модераторға жіберуі керек. Төлем расталған соң, жабық Telegram-арнаға кіруге арналған сілтеме беріледі.
