"Алла Тағала шипасын берсін".
Танымал әнші Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, әріптесіне кардиологиялық орталықта төрт сағатқа жуық ота жасалған.
«Кенжебекке кеше кардиологиялық орталықта ота жасалып, төрт сағатқа созылған ем-шара сәтті өтті. Алла тағала шипасын берсін. Барша медицина қызметкерлеріне мың рақмет. Қолдарыңыз дерт көрмесін. Сіздер де ауырмаңыздар», – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Әнші әріптесіне қолдау білдіріп, оның тезірек сауығып, қатарға қосылуын тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтің жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын.