$ 486.19  554.26  6.51

«Жазым деген аяқасты»: Дариға Бадықова қорқынышты кадрлармен бөлісті (ВИДЕО)

Түсірілім барысы актрисаға ерекше әсер еткен.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Желіде танымал актриса Дариға Бадықованың қатысуымен түсірілген жаңа бейнежазба тарады. Кадрдан жантүршігерлік жол апатының көрінісін байқауға болады. Бір көлік қатты соғылып тас-талқаны шыққан. Ал екінші темір тұлпар лапылдап жанып жатыр. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқару қызметінің мамандары шұғыл жеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл шын мәнінде шынайы апат емес. Барлығы жаңа жобаның арнайы түсірілім алаңында ұйымдастырылған. Өнер иесі бұл көріністі жасау үшін топтың екі бірдей сау көлікті сатып алғанын жеткізді. Олар машиналарды әдейі осындай мүшкіл күйге түсірген. Адам өміріне қауіп төндіретін шынайы жол апатын жасамау мақсатында темір тұлпарларды қолдан әбден езіп қиратқан.

"Жазым деген аяқ асты ғой. Аман болайық. Бұл фильмнің сіздерге ұнамауы мүмкін емеес көрермендер. Арманның орындалуы. Ешқайсымызға зиян тимей алыста тұрып машинаны жардық! Бұндай кино түсіру Қазақтардың қолынан келеді. Голливуд бізге келсін", - деп жазды Бадықова. 

Түсірілім барысы актрисаға ерекше әсер еткен. Жасанды түрде ұйымдастырылғанына қарамастан алаңдағы жағдай өте шынайы көрінеді. Өрт пен қираған көліктер кәдімгі өмірдегідей сезім сыйлаған. Топ мүшелері көрерменге барынша нанымды кадрлар ұсыну үшін осындай қадамға барған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0