$ 486.19  554.26  6.51

«Қайтадан қосылған ба?»: Мақпал Исабекова ажырасқан күйеуімен видео жариялады (ФОТО)

"Балалар анасы мен әкесін бірдей жақсы көреді". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал әнші желідегі парақашсында Мақпал Исабекова экс-күйеуімен видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі біраз уақыт бұрын ажырасқан болатын. Ол "күйеуіңізбен қосылдыңыз ба?" деген сұраққа жауап берді. 

"— Күйеуіңізбен қайта қосылдыңыз ба? Егер солай болса, сіз үшін қатты қуаныштымын.

Жоқ! Біздің балаларымыз бар. Олар анасы мен әкесінің бірге бола алмағаны үшін зардап шекпеуі керек. Бұл – олардың балалық шағы, бірге өткізген уақыты, олардың естеліктері. Қазір біз олар үшін жасай алатын ең аз нәрсе – осы.

Балалар анасы мен әкесін бірдей жақсы көреді. Мен оларды таңдау жасауға мәжбүрлеп, жүректерін жаралағым келмейді. Әкесі олар үшін әрқашан ең жақсы әке болып қала береді. Олар менен әкелері туралы ешқашан жаман сөз естімейді! Біздің өзара қарым-қатынасымыз балаларға әсер етпеуі керек және олардың өміріне ешқандай кері ықпалын тигізбеуі тиіс",  - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0