$ 487.01  557.87  6.59

«Әр қазаққа ұнайды»: Айнұр Тұрсынбаева тегін тамақ таратты (ВИДЕО)

Коуч бұл игі іске командасымен бірге атсалысқанын айтып, дайындалған мың «қазақша гамбургердің» Алматы облысындағы мың тұрғынға таратылғанын жеткізді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Белгілі коуч әрі кәсіпкер Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде ерекше қайырымдылық бастамасымен бөлісті. Ол бауырсақ пен қазыдан әзірленген «қазақша гамбургерді» мың дана жасап, Алматы облысындағы тұрғындарға тегін таратқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрсынбаеваның айтуынша, ол алдымен бауырсақ пісіріп, қазы қайнатып, кейін бауырсақтың ортасына қияр, қызанақ, салат жапырағы мен қазы салып әзірлеген.

«Бауырсақты пісіріп, қазыны қайнатып алдым да, бауырсақтың ортасын кесіп қияр, қызанақ, салат жапырағын және қазыны салдым. Бұл – әр қазаққа ұнайтын қазақша гамбургер!» – деп жазды ол.

Коуч бұл игі іске командасымен бірге атсалысқанын айтып, дайындалған мың «қазақша гамбургердің» Алматы облысындағы мың тұрғынға таратылғанын жеткізді.

«Командаммен 1000 қазақша гамбургер жасап, Алматы облысындағы 1000 адамға тараттым. “Береке” дейтін базар осы емес пе?», – деді Айнұр Тұрсынбаева.

Сондай-ақ ол ауыл-аймақ тұрғындарының ортасында жүргенді ұнататынын айтып, қазір Семей мен Өскемен қалаларында жүргенін хабарлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0