$ 470.17  547.47  6.42

«Миымен сәл ойлану керек»: Дана Нұржігіт Баян мен Динараға араша түсті

Өз деңгейінде жұмыс істеп жатқан адамдар.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде ақтөбелік  Бағдагүл есімді емшінің  даулы мәлімдемесі үлкен резонанс тудырды. Аталған дауға байланысты белгілі тележурналист Дана Нұржігіт өзінің наразылығын білдіріп, пікірін айтты, деп хабарлайды Sn.kz  ақпарат порталы.

Журналист желідегі мұндай бейберекетсіздік пен адамның ар-намысына тиетін сөздердің жазасыз қалмауы керектігін атап өтті.

«Мына әйелдің сөздерін бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде көзім шалды. Баян мен Динараның орнында кез-келгеніміз болуымыз мүмкін. Желіде есіп жүрген осындай жел сөзге, адамның абыройына нұқсан келтіретін былапыт етіп, аузына келгенін айтуға бола ма? Жауап береді-ау, маған қарсы арыз түсіру мүмкін-ау деген ой бар ма, жоқ па? Мынадайға құқықтық баға беру кере. Миымен ойлану керек қой»,– деді Дана Нұржігіт.

Ол бұндай әрекеттің заңға қайшы екенін айтып, әріптестеріне қолдау білдірді. Оның пікірінше, кез келген сыни көзқарас мәдениетті шеңберден шықпауы тиіс.

«Баян мен Динара менің әріптестерім. Өз деңгейінде жұмыс істеп жатқан адамдар. Оған өз бағаңды беруге болады, бірақ оған нұқсан келтіріп, оның атын қорлауға ешкімнің де қақысы жоқ. Сондықтан кешіріп қойыңыз, базардағы әпер бағалы мінезді қою керек деп есептеймін. Қоғамға жақсы үлгі емес»,– деді ол.

Айта кетейік, емші Бағдагүлдің әлеуметтік желіде тараған даулы видеосынан кейін, оның үстінен құқықтық заң аясында шара қолдану мақсатында белгілі продюсер Баян Алагөзова мен тележүргізуші Динара Сәтжан сотқа арыз түсірген болатын.

Оларға жауап ретінде емші өзін түрмеге жапқыза беріңдер деп қысқа қайырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0