$ 461.26  542.58  6.18

«Дәлелсіз лас әңгіме»: Ләйлә Сұлтанқызы «Балапан» телеарнасына қатысты дауға жауап берді (ФОТО)

«Балапан» арнасын лас әңгімеге араластырудың қажеті жоқ.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзін "Балапан" телеарнасындағы продюсер зорлады деп айыптаған жігітке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында жазған. Айтуынша бұл іс дәлелсіз және дәйексіз деп танылады. 

«Балапан» арнасын лас әңгімеге араластырудың қажеті жоқ. Дәлел, дәйексіз біреу солай айтты екен деп бүкіл арнаның жұмысын, қызметкерлерін жаман атты қылған дұрыс емес! 1. Балапан арнасына көптеген компания аутсорсер болып, түрлі хабарлар, сериалдар, мультфильмдер түсіреді. Әр аутсорсер компанияда ондаған, жүздеген адам еңбек етеді. Арна қызметкерлері барлығын танымауы қалыпты жағдай. Арна - тапсырыс беруші, ауторсер компания тапсырылған жұмысты келісім-шарт аясында орындаушы ғана. 2. Мен істеген жылдары (2012-2016) ер продюсерлер аз болды және олар штаттан тыс жұмыс істеді. 3. Егер жәбірленуші кінәліні біліп, шынымен жазалануын қаласа, бірінші, арыз жазылып, іс қаралар еді. Жалпы айналысатын жауаптылар бар ғой. 4. Мені белгілей берудің қажеті жоқ. Жұмыстан бөлек, танитын-танымайтын әріптестердің жеке өміріне, не істеп жүргендеріне араласпағанмын, жеке шекараларынан аттамағанмын", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Сонымен қатар "Балапан" телеарнасы да бұл іске қатысты ресми мәлімдеме жасады.  

«Балапан» телеарнасы әлеуметтік желіде Нұрғали Нұрман есімді азаматтың мәлімдемесіне қатысты төмендегіні хабарлайды. 2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған «Balapan» телеарнасының штатында ер адам «продюсер» қызметін атқармаған. Кейін желі қолданушысы өз мәлімдемесінде айтылған жайттардың «Balapan» телеарнасында емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялады және арна ұжымынан кешірім сұрады", - деп жазылған мәлімдемеде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0