$ 461.26  542.58  6.18

«Кетіп қаламын деп ойлаған жоқ»: Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімов туралы сыр шертті (ВИДЕО)

Ол бұл туралы “Ұстаз ізімен” подкастында айтты.

Коллаж: Ertenmedia
Коллаж: Ertenmedia

Бағдат Әшімова жақынының өмірден өтер алдындағы соңғы сәтін еске алып, жан тебірентерлік естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол бұл туралы “Ұстаз ізімен” подкастында айтты. Әшімованың сөзінше, марқұм қайтыс болар алдында өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

"Үш минут... Соңғы үш минутқа дейін сөйлеп отырды. "Белім ауырып тұр. Кеудеме ауруы беріп тұр, біраз жатайыншы" деді. Жатқан соң, "басымды көтерші" деді, көтердім. "Тағы да көтерші" деді, көтердім. Болды... көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды. Ол кетіп қаламын деп ойлаған жоқ. Жасанды дем бердік, жүрегіне массаж жасадық. Бірақ... үш минутта кете барды", – деді Бағдат Әшімова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0