Әнші әрі актриса Мөлдір Мұқан жақында көрген фильмнен кейін ішкі жан дүниесін ақтарып, әсерлі ойларымен бөлісті. Өнер иесі Құралай Анарбекова түсірген туындыны көріп, ондағы оқиғалар өз өміріндегі кейбір сәттермен үндесіп кеткенін жасырмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мөлдірдің айтуынша, фильмдегі кейіпкерлердің тағдыры мен таңдауы оған терең ой салған. Әсіресе, отбасындағы жауапкершілік, сенім және ер адамның бір ғана қателігінің салдары туралы сюжет оны толқытқан.
«Ер азаматтың бір қателігі қаншама адамның өмірін құртады», – деген сөздерімен актриса жүрегіндегі ауыр сезімді жеткізді. Оның айтуынша, кейде бір ғана дұрыс емес шешім тек бір адамға емес, тұтас отбасыға, тіпті бірнеше тағдырға әсер етеді.
Өнер иесі бұл ойлары арқылы көрермендерді де өмірдегі әрбір қадамға жауапкершілікпен қарауға шақырғандай болды. Желі қолданушылары да Мөлдірдің бұл жазбасына бейжай қарамай, қолдау білдіріп, өз пікірлерін қалдырған. Көпшілік оның шынайылығына тәнті болып, айтылған ойлардың өмірмен тығыз байланысты екенін атап өтті.
Айта кетейік, соңғы уақытта Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде тек шығармашылығымен ғана емес, өмірлік маңызды тақырыптардағы ойларымен де жиі бөлісіп, оқырманымен ашық диалог орнатып жүр.