$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

«Астанаға мүлдем бармашы»: Қанат Әлжаппар әйелінің Тұрсынбек Қабатовқа қатысты ренішін айтты

Әзілкештің әйелінің сөзін көрермен қолдап, түрлі пікірлер жазды.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Әзілкеш әрі тамада Қанат Әлжаппар жұбайы Нұргүлдің өзінің өнердегі ұстазы саналатын Тұрсынбек Қабатовқа қатысты көзқарасын әзілмен жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, әйелі күйеуінің Тұрсынбек Қабатовты өмірдегі де, өнердегі де ұстазы деп атағанын қаламайды. Тіпті, одан ақыл сұрап, үлгі алуына да қарсы екенін қалжыңмен білдірген.

«Тұрсынбек Қабатов өмірдегі де, өнердегі де ұстазым десем, келіншегім Нұргүл: “Олай деп айтпашы. Өмірде саған сабақ бермесін, тек өнерде ғана досың болсын”, – дейді. “Ешкімнен ақыл сұрама, миың жетпей жатса, мен-ақ көмектесем. Астанаға мүлдем бармашы”, – деді ғой келіншегім», – деп әзілдеді Қанат Әлжаппар.

Әзілкештің әйелінің сөзін көрермен қолдап, түрлі пікірлер жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 33
Ұнамайды 7
Күлкілі 2
Ашулы 2