$ 473.13  554.08  6.13

«Өте бай болсам сатып алар едім»: Ләйлә Сұлтанқызы арманын айтты (ФОТО)

Сондай-ақ тележүргізуші Қызылорда қаласында орналасқан стадионды көрсетті. 

Фото: sultankyzy парақшасынан
Фото: sultankyzy парақшасынан

Ләйлә Сұлтанқызы көп ақшасы болса, не нәрсеге жарататынын айтты, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.

"Өте бай болсам, футбол клубын сатып алар едім.  Себебі ол шығын емес. Бұл - инвестиция. Болашаққа. Балаларға. Ертеңгі чемпиондарға. Ертеңгі мықты қоғамға деп ойлаймын…", - деп жазды ол. 

Сондай-ақ тележүргізуші Қызылорда қаласында орналасқан стадионды көрсетті. 

"Мынау Қызылордадағы стадион, бізге әзірге әдемі фон ғана болуы мүмкін… Бірақ кім біледі, мүмкін дәл осы алаңда ертең бір Lionel Messi немесе Cristiano Ronaldo сияқты жұлдыздар доп теуіп жүрген шығар…", - деді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0